Облыс әкімдігіндеОблыс әкіміРесми

Баспана құрылысы – қарқынды

Облыста тұрғын үй құрылысының өсімі жалғасуда.  Жеті айдың қорытындысы бойынша мұндағы құрылыстың көлемі 14,4%-ға артты. Аймақтың 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала нәтижелері онлайн режимде өткен аппараттық кеңесте талқыланды.

– Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2,3 трлн. теңге көлемінде күтілуде. Облыстың негізгі капиталына инвестициялар 5% өсіммен 408,9 млрд. теңге сомасында болжануда. Құрылыс жұмыстарының көлемі шамамен, 195 млрд. теңгені құрап, 3,2%-ға артты. Тұрғын үй бойынша 271,5 мың шаршы метр нәтиже күтілуде. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 14,4%-ға артық, – деп баяндады экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов.

Оның айтуынша, облыста металлургияда өсім бар. Болат өндіру 23,6%-ға, жазық илек өндіру – 20%-ға, шойын өндіру – 17,4%-ға ұлғайды. Ішкі тауар айналымы 3% өсіммен 1,2 трлн. теңге сомасында күтілуде. Сыртқы саудада да оң динамика байқалады. Тауарлар экспорты 35,5%-ға көбейіп, көлемі 2 578,2 млн. АҚШ долларын құрады. –

Жалпы, жеті айдың қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы байқалады. Тұрғын үй құрылысында қарқын бар. Жыл соңына дейін тұрғын үй құрылысы көлемінің төрттен бірге ұлғаяды деген үміт бар. Осылайша, кезектегі тұрғындардың алдында баспанамен қамту міндетін орындаймыз. Инвестициялар тарту да өсім жоқ емес. Онда 80%-дан астамы – жеке инвестиция. Даму қарқынын төмендетпеу және барлық белгіленген көрсеткіштерді орындау қажет, – деді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Қарағанды облысында 2021 жылға 6 090 млрд. теңге шамасында 3,4% экономика өсімі жоспарланған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button