Жаңалықтар

Басқарма мен бөлімде – жаңа басшы

     Кешігі аппараттық жиын барысында  облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков жаңа кадрлық тағайындаулар туралы хабарлады.

Ғалым Әзір­ханұлы Жұмасұлтанов кон­курстық іріктеу арқылы Қарағанды облысы өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ол 1962 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білім бар, Қарағанды политехникалық институтын және Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша өндірістік транспорт инженері, экономист.

Еңбек жолын 1984 жылы Қарметкомбинатта диспетчер болып бастаған.

1986 жылдан 1995 жылға дейін аға инженер, №1 Қарағанды автобус паркінің бөлім басшысы лауазымында қызмет еткен.

«Сары-Арқа» АЭА ҰҚ» АҚ басқарушы директоры лауазымын иеленген.

2008 жылдан бастап бүгінге дейін кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары, кейін өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болды.

Сонымен қатар, Айдар Жакупович Каримов конкурстық іріктеу негізінде облыс әкімі аппаратының ШОБ және өндірісті дамыту бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

А.Ж.Каримов 1986 жылы дүние­ге келген. Жоғары білімді, Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген. Мамандығы мемлекеттік және жергілікті басқару ісінің бакалавры. 2009 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасында бас маман болып қызмет атқарды. Кейін Октябрь ауданы әкімі аппаратының экономика және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық әкімі аппаратының экономика және кәсіпкерлік бөлімін басқарды.

Жаңа кадрлық тағайындауға дейін облыс әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.

Қарағанды

облысы әкімінің

баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button