Жаңалықтар

Бар жақсылық – балаларға

Кеше, 1 маусым – Балаларды қорғаудың халықаралық күнінде жастар мен балалар музыкалық ансамбльдері Тәуелсіздік алаңынан Кеншілер мәдениет сарайына дейін жүріп өтті. Жалпы саны 5 мың адамды құраған «Сәлем саған, Астана!» шеруіне қалалық білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты.
Бүлдіршіндерді Қарағандыдағы қосымша білім беру ұйымдары мен мектептер, колледждер, Назарбаев зияткерлік мектебі, республикалық әскери мектеп-интернаты және жоғары оқу орындарының өкілдері құттықтады.
Есенғазы ИМАНҒАЛИЕВ, Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы:
– Әртүрлі тағдырлардың өмір туралы көзқарастарын біріктіретін – балалық шақ. Бүкіл әлемде балаларды қорғаудың халықаралық күні ерекше тойланады. Бүгін облыстағы 380 мыңнан астам бала достық және жазғы көңіл-күй мерекесін атап өтуде.
Шеруде100-ге жуық адам геометриялық кескін түрінде сап құрды. Атап айтсақ, мереке салтанатында үрмелі аспаптар және соқпалы аспаптар ансамбльдері, барабаншылар, ішекті шертпелі аспаптар (домбыра, балалайка, гитара), ұлттық киімдегі би ансамбльдері, мажереткалар, черлидерлер – балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Оған қоса, хор ұжымдары өнер көрсетті.
Сол күні Кеншілер мәдениет сарайының алдында «Ойлап тап, жаса, домалатып әкел» атты сәбилер арбасының фестивалі өтті. Көңілді шарада, алдымен, қала тұрғындары балалар арбасын ерекше сәндеп әкелген отбасылардың өнерін тамашалады. Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы аясында жеңімпаздар анықталды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button