Қарқаралы
Балық шабақтарын жіберді
Аудандағы балық шаруашылығымен шұғылданатын «Әсел» шаруа қожалығының атқарып отырған жұмыстары да ауқымды.
Аудан аумағындағы «Қойтас», «Жартас», «Шұбаркөл» және «Үлкенкөлге» иелік етіп отырған шаруашылық басшысы Маруа Канапиянова Қарағанды балық питомнигінен өсіп келе жатқан 33000 дана карп балығының шабақтарын «Үлкенкөлге» жіберді. Қожалық басшысының айтуынша, қыркүйек айының соңы мен қазан айының ортасында иелігіндегі тоғандарға өзге де шабақтар жіберуді жоспарлап отыр.
Сағыныш ӘБІЛОВА
ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.