АймақБұқар жырау

Балаларды еңбекке баулу бағытында…

Алдағы Еңбек күніне орай Доскей ауылының кітапхана қызметкерлері осындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектептің 3-сынып оқушыларына “Еңбек еткен,мұратқа жеткен” тақырыбында тағлымды шара өткізді.

Онда балаларға еңбек етудің пайдасы түсіндіріліп,соған байланысты қойылған сұрақтарға жауап алынды.

Сондай-ақ оларға еңбектің маңызы туралы ертегілер оқылып, әр мамандыққа қатысты суреттер көрсетіліп, үйде ата-анасына қолқабыс қылу жайлы әңгіме-сұхбат құрылды. Оқушылар шара барысында ата-аналарының мамандықтары туралы да айтып,өздерінің келешекті кім болғысы келетіндерін де ортаға салды.

Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы
Суреттер ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button