Жаңалықтар

Балалардың еңбек құқығы қандай?

Кәмелеттік жасқа толмаған балалар жазғы демалыс уақытында қайда жұмыс істей алады?

Марат БЕЙСЕНБИН.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 14 жасқа толған оқушылар еңбекке араласа алады, бірақ оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындауға болады. Мәселен, жас балаларға кинематография, театр ұйымдарында, сондай-ақ циркте ғана еңбек етуге рұқсат етілген. Мұнда да денсаулығы мен психикалық жай-күйіне зиян келтірмеу талаптары орындалуы тиіс. Тағы бір айта кететін жайт, кәмелеттік жасқа толмағандар да зейнетақы аударымдарын жасайды.

Балалар мен жасөспірімдер тек күндізгі уақыттағы жұмыстарға ғана тартылады. Түнде жұмыс істеуге заңмен тыйым салынған. 14-тен 16 жасқа дейінгі балалар үшін жұмыс уақыты аптасына 24 сағат, ал, 16 мен 18 жас аралығындағы жеткіншектер үшін бұл көрсеткіш аптасына 36 сағатты құрайды. Еңбек шарты міндетті түрде жасалуы керек. Оған баламен қатар оның ата-анасының біреуі, қорғаншысы, қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюы тиіс.

Кәмелеттік жасқа толмағандар жазғы мезгілде жұмыс орнын табу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына ата-анасының біреуімен баруы керек.

Басқа материалдар

Back to top button