Ресми

Балалар үйінің түлегі сот арқылы баспана кезегін өзгертуге қол жеткізді

Теміртауда балалар үйінің түлегі әкімдіктің баспана кезегіндегі санатын ауыстыруды талап етіп сотқа жүгініп, жеңіске жетті.  Бұл туралы Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

Сурет: tengrinews.kz сайтынан

 Іс материалдарына сәйкес, 2014 жылдың 8 шілдесінен бастап Теміртау қаласының тұрғыны «Толық емес отбасы» санатында тұрғын үй кезегінде тұрған. Бірақ ол «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатында болуы керек еді. Өткен жылдың мамыр айында ол санатын өзгерту үшін тұрғын үй бөліміне хабарласқан, бірақ олар бас тартқан. Ведомство бас тартуын өтініш беру кезінде ұсынылған құжаттарда әйелдің «Жетімдер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатына жататынын растайтын мәліметтердің болмауымен түсіндірген. Сотта анықталғандай, әйел 2003 жылдың 12 ақпанынан 2007 жылдың 7 қыркүйегіне дейін «Теміртау қаласының №3 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты» ММ-де тәрбиеленіп, мемлекет тарапынан толық қолдауға ие болған. Сондай-ақ сот Теміртау қаласының тұрғынының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкімдік оны уақытылы тіркеуге алмау салдарынан орын алғанын атап өтті. Және бұл талапкердің кінәсі емес. Сот әкімдіктің мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспананың басымдық санатын өзгертуден бас тартуын заңсыз деп атады.

– Осындай жағдайда сот заңдылық, парасаттылық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, көрсетілген талаптарды қанағаттандырды, сондай-ақ  құқық бұзушылықтың бірінші кезектегі санатын белгіленген күннен бастап тиісті санатқа өзгерту арқылы бұзушылықты толық көлемде жою міндетін жүктеді, – деді сот.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button