Білім

Балалар еңбегі еш кетпек емес

Қарағанды облысының зағип жəне нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының қолдауымен 2023 жылдың 1 наурызы мен 27 сəуір аралығында «КОМИКС BOOK» комикс жəне манга облыстық байқауын жариялады.

Байқаудың мақсаты – баланы көркем əдеби шығармаларға баулу жəне қызығушылықты қалыптастыру, балалардың шығармашылық əлеуетін анықтау жəне дамыту, оқу мен кітапқа қызығушылықты арттыру, кітапханаға жас оқырмандарды тарту.

Суреттер: ұйымдастырушылардан

Байқауға облыс бойынша Қарағанды, Теміртау, Саран, Балқаш, Приозерск қалалары жəне Абай, Шет, Қарқаралы, Осакаровка аудандарынан 100-ге жуық шығармашылық өтініш келіп түсті.

Жалпы конкурсқа 12-16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатысты.

Ал, жарыс қорытындысы бойынша үш жүлделі орын (12-13 жас,14-16 жас ерекшелігі бойынша) жəне ынталандыру сыйлығы тағайындалған еді.

Қазылар алқасының сараптамасынан кейін, I-II орындар Приозерск қаласының №2 мектебінің оқушылары Гүлдана Бақдəулет пен Əсем Құрбанмұратқа берілді. Ал, III орын Шет ауданы Ақадыр кентінің Гагарин атындағы мектеп-лицей оқушысы Ерасыл Игілікке табысталды.

Сонымен қатар, 14 жастан 16 жасқа дейінгілер арасында I орынды қарағандылық №27 мектеп оқушысы Ева Те алды. Бұл жас санатында II орын иегері болып Приозерск мектебінің оқушысы Жанэтта Марат танылды. Үздік үштікті Қарағанды қаласының А.Байтұрсынов атындағы гимназия оқушысы Ділназ Жанай қорытындылады.

Сайысқа қатысқан өзге де қатысушыларға арнайы ынталандыру сыйлықтары берілді. Бұл өнерін ортаға салған балалардың еңбегін бағалау деп түсіндірді байқау ұйымдастырушылары.

Жан АМАНТАЙ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button