Бас тақырыпЖаңалықтар

Балалар ауруханаларының бюджеттен алатын қаражаты басқа ауруханалармен салыстырғанда әлдеқайда аз

Балалар ауруханаларының бюджеттен алатын қаражаты басқа ауруханалармен салыстырғанда әлдеқайда аз, бұл өз кезегінде сапалы емдеу шараларын атқару үшін айтарлықтай қиындық тудыруда екенін айтты Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында. Қарағанды облыстық балалар ауруханасында болған депутатқа бұл жайтты дәрігерлердің өздері де айтып берді.

– Басты мәселелердің қатарында балаларды емдеу үшін бюджеттен бөлінетін тариф мөлшерінің төмендігі және аурухана ғимараттарының коммуналдық шығындарын төлеуге қатысты аспектілер бар. Нақты айтатын болсақ, тариф дегеніміз мемлекеттік бюджеттен жан басына шаққанда, яғни әр емделген бала үшін ауруханаға бөлінетін ақша. Ал бөлінетін ақша қандай болса, сапа да сондай болады, – дейді Асхат Қанатұлы.

Депутат ұрпақ саулығы мен балалар денсаулығына келгенде үнемдеуге болмайтынын айтады. «Әсіресе пульмонология, нефрология, гастроэнтерология, аллергология, неврология, гематология, эндокринология сияқты қаржы аз бөлінетін бағыттарды қайта қарау керек. Бөлінетін қаржы қайта зерделеніп, ұлғайтылуы тиіс деп санаймын. Бұл мәселе бойынша Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмыс істейміз» деді ол.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button