Балаларға – қамқорлық
2017 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен жыл сайынғы жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілуде. Жыл сайын дәстүрлi түрде ұйымдастырылатын шара осымен 10-шi рет қолға алынып отыр.
Акцияның мақсаты: Аз қамтылған, қамқорлыққа алынған, асыраушысынан айырылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық уақытында материалдық көмек көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын-алу болып табылады.
Аталған акция Пришахтинскіде орналасқан №18 ЖББОМ КММ-де өз жалғасын тапты. Мектеп директоры А.Жазыбековтің басшылығымен ұйымдастыру комитеті құрылып, жұмыс жоспары бекітіліп,игі іс-шаралар бастау алды.
Акция барысында қалалық мәслихат депутаты С.Т.Балкишев жеке кәсіпкер Г.Е.Кулакова, ТОО «Промстрой XXI» қолдау көрсетіп, қайырымдылық танытып, әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларды киім-кешекпен, кеңсе тауарларымен қамтамасыз етіп, демеушілік көмек көрсетті. Сондықтан, бұл шараның билік тарапынан қолға алынып, кәсіпкерлердің қолдауымен кеңінен қанат жаюы өте құптарлық іс.
Осындай игі іс-шаралар әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға өз септігін тигізеді.
Ж.ЖҮргембаева,
№18 орта мектептің
әлеуметтік педагогы.