Абай

Бала құқығы – басты назарда

Аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Көрпешованың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның отырысы өтті. Оған аудан бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия төрағалары, ішкі істер басқармасы, білім бөлімі, денсаулық сақтау, колледж, орта мектеп өкілдері қатысты.

Отырыста жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелері қаралды. Былтырғы жылы бұл санаттағы заң бұзушылық әжептеуір төмендеген. Абай аудандық ІІБ кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі топтың аға инспекторы О.Калташева алдағы уақытта да жасөспірімдер қылмысының алдын алу жұмыстары жалғасатынын айтты.

Сондай-ақ, Абай аудандық орталық аурухана басшысының орынбасары тұрмысы төмен отбасылардағы бала өлімі туралы баяндама жасады. Мұндай деректер Құлайғыр кенті және Жаманжол ауылында тіркелген. Осыған орай, комиссия төрағасы әкімдікпен бірлесе отырып, рейд жүргізу, келеңсіз жайттың алдын алу шараларын жүйелі жүргізуді ұсынды.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ.

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button