Жаңалықтар

Бала шәкірт – «Бөрінің бөлтірігі»

Академик Р.Сыздық «Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар» атты еңбегінде «Қазіргі тілдің әрбір сөзі әрі айқын (түсінікті), әрі дәл (өз мағынасында, өз жерінде – өз жанрында, өз стилінде) қолданылуға тиіс. Мұндай айқындық пен дәлдікті көрсететін, түсіндіретін, дәлелдейтін, нұсқайтын әр әлуан еңбектер керек. Олар ғылыми-теориялық та, қолданбалы-практикалық та сипатта ұсынылуға тиіс. Ұсыныла беруге тиіс» депті.

Абай Құнанбаев

Біз де оқырман назарына ұсынып отырған шағын еңбегімізді Абай мен Мұхтар Әуезовтегі «бала» сөзінен бастауды ұйғардық. Өйткені, «bаlа» термині өзіне ғана тән құқығы бар дербес тілдік бірлік ретінде б.з.б. VII-III мыңжылдардан бері белгілі. Абай поэзиясы мен Әуезов прозасындағы «bаlа» терминінің байырғы құқықтық мағынасында, өз жерінде әрі айқын, әрі дәл орнымен қолданылуы – қазақ тілінің негізгі коммуникативтік, кумуллятивтік, когнитивтік қызметтерінің мықты мектепте қалыптасқанының дәлелі. Абайдың ақындық тілінің бала, жігіт күнінен аса бір мол, бай тіл болып өсуіне ықпал еткен де адам тілінің жоғарыда атап өткен қызметі. Тілге тән қызмет қазақ тілінің лексикалық қорындағы әрбір сөзге де тиесілі қабілет-қасиет. Сол себептен, Тигр мен Евфрат өзендерінің бойындағы өркениеттен өсіп, өнген «bala» терминінің мән-мағынасы да «қызмет», «қызметкер», «қызмет көрсетуші».

Жалпы, этимология ғылымы іс-қимылды, қозғалысты білдіретін сөздер «қызметші» деген мағынамен астасып жататын заңдылықты анықтаған. Мысалы, нанай тіліндегі «bala» етістігі «жылдам-жылдам» деген мағына береді. Қазіргі нарық заманының тіліне аударсақ, «bala» – қызметтер ұсыну институты, уақытында, сапалы қызметтер көрсету жүйесі. Тарихшы Н.Козырева ағылшын ғалымы Steinkelle еңбегіне сілтеме жасай отырып, Оңтүстік Месопотамияның қоғамдық өмірінде «bala» атты принциптің қызмет еткенін жеткізеді. Қос өзеннің бойына қоныс тепкен қырық ру, жүздеген тайпа қауымдасып, тіршілік ету барысында шаруашылық пен басқару ісін келісіп кеңесіп отырып шешкен. Сол мақсатта биліктегі лауазымдық қызметті кезекшілік ретімен атқаруды заңдастырған. Өндірістік есеп-қисап құжаттарында қызмет атқарған кісінің аты-жөнімен «bala PN» – осындай кісінің кезегі деп жазып отырған. Бұл «bala » терминінің басқару жүйесінде орнығуына ықпал еткен өмірлік қажеттілік-тін…

Марат АЗБАНБАЕВ.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің 10 тамызда шыққан №88 (23 264) санынан оқи аласыздар.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button