АймақБас тақырыпЖаңалықтар

Балқаштықтар Алматы-Екатеринбург тас жолының бойынан 250 қап қоқыс жинады

 

Балқаш тұрғындары республикалық маңызға ие Алматы – Екатеринбург тас жолының өз қаласына іргелес жатқан бөлігінде ауқымды сенбілік өткізіп,  250 қап қоқыс жинады.

Суреттер: қала әкімдігінен

Балқаш қаласы әкімдігінің мәліметінше балқаштықтар тас жолдың бұл бөлігіне жиі сенбілік өткізеді, бірақ көліктер ағынының көптігіне байланысты қоқыс қайтадан жиналып қалады екен.

– Біз әрқайсымыз қайталанбас табиғатымыздың сұлулығынан ләззат алуды жақсы көреміз, бірақ оның тазалығын сақтаудың маңыздылығын үнемі есте ұстай бермейміз. Елімізді қоқыстан тазартуға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында бүгін біз Алматы – Екатеринбург тас жолының Балқаш арқылы өтетін бөлігін қоқыстан тазарттық. 250 қаптан астам қоқыс жиналды. Біз әрқайсымыз Қазақстанның экологиялық жағдайын сақтауға және жақсартуға өз үлесімізді қосуымыз керек – дейді әкімдік қызметкерлері.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button