АймақЖаңалықтар
Балқашта өрт кезінде 20 адам эвакуацияланды
Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт кеше кешкі сағат сегіздер шамасында Желтоқсан көшесінде орналасқан 4 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде болған. Жалын 4 шаршы метр аумақты шарпыған. Тұрғын үй тұрғындарын улы газ жұтудан қорғау үшін құтқарушылар баспалдақ арқылы 20 адамды эвакуациялауға тура келген. Эвакуацияланғандар арасында балалар да бар.

– Қоңырау түскен сәттен бастап 38 минут ішінде өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға департаменттің 12 қызметкері мен үш техникасы қатысты,- дейді ТЖД бапасөз қызметі.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.