Байкерлер де дауыс берді
Өңірде референдумға дауыс берушілер белсенді. Қарағандыдағы №87 негізгі орта мектебінде №71 және №72 референдум учаскесі қатар орналасқан. Түс ауа Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Шүкіржан Құлжанбаев пен «Chingizkhan mc» мотоклубының президенті Владимир Ким келіп, өз таңдауларын жасады.
Шүкіржан Елубайұлы өз сөзінде:
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында референдумның маңыздылығы жөнінде қадап айтқан болатын. Сондықтан, баршаңызды дауыс беруге шақырамын. Бізге таңдау берді. Өз құқығымызды пайдаланып, таңдау жасағанымыз жөн. Елдің бірлігі – халықтың бір болуында. Бірлігіміз жарассын!– деді.
Владимир Кимді қолдау үшін мотоклуб мүшелері түгел келген.
– Таңдауымды жасауға келдім. Осындай маңызды күні достарымның да жанымнан табылғанына қуаныштымын, – деді мотоклуб президенті.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz