Басты тақырыпСпорт

Жұлдызды жұдырық

      Қарағандыдан қанаттанған былғары қолғап шебері Геннадий ГОЛОВКИН жаһан назарында. Күрзі жұдырықты спортшы жайлы жаңалыққа ел құлағы түрік. Жақында орта салмақта «WBA» «WBC» «IBF» «IBO» тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Гена «Forbes» журналының ең табысты «pound-for-pound» боксшылар рейтингінде өз позициясын жақсартқандығынан хабардар болдық. Енді бокс әлеміндегі байдың бірі – Гена.

 

Табысты боксшылардың көшін мексикалық Сауль Альварес бастап тұр. Одан кейін Гена америкалық Андре Уордты үшінші орынға сырғытып, екінші орынға жайғасқан. Бір айта кетері, бұл рейтинг 18 наурызда өткен Головкин-Джейкобс жекпе – жегінен бұрын жаңартылған болатын. Болашақта аталмыш тізімге өзгеріс енуі мүмкін.

«Forbes» рейтінгісінде алғашқы ондығында рет саны бойынша мексикалық Сауль Альварес, қазақстандық Геннадий Головкин, америкалық Андре Уорд, украин Владимир Кличко, филиппиндік Мэнни Пакьяо, америкалық Кит Турман, ресейлік Сергей Ковалев, америкалық Деонтей Уайлдер, украин Василий Ломаченко, америкалық Эдриэн Бронер орналасқан.

Айта кетейік, Головкин – Сондерс жекпе-жегі Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өтеді деп күтілуде.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button