Жаңалықтар
Байқау қоржынынан
Естеріңізге сала кетейік, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің ұжымы 85 жылдық мерейтойына орай «Балбөбектің» оқырмандары арасында «Орталықтың» бәйгесі шығармалар байқауының жеңімпаздарын анықтады.
Байқауға облыстың барлық қала, аудандары бойынша 2-6 сыныптарда оқитын оқушылардан 30-ға жуық шығармалар қабылданды. Газеттің тарихынан бастап, қызмет атқарған қаламгерлер, жалпы, аға басылым туралы білетіндерін бір шығарманың аясында көркем тілмен жеткізген таңдаулы 10 шығарманың авторлары марапатталды. Осы орайда облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің ұжымы оқушы білімін шыңдап, байқауда белсенділік танытқан ұстаздарға алғыс айтады.
Байқау ережесіне сай, үздік шығармалардың үзіндісін назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.
Редакциядан.