Абай

Бабын тапса, жер – жомарт

     Мемлекет басшысы аграрлық сек­торды экономиканың жаңа драй­веріне айналдыруда жергілікті жерлердегі билік өкілдеріне нақты міндеттер қойды. Елбасы тапсырмасын іске асыру мақсатында Абай ауданында ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті бағамдалып, агроөнеркәсіп кешенін дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Абай ауданы – облыстағы ірі аграрлы аймақ. Қыркүйектің соңында орақ науқанына нүкте қойылды. Аудан диқандары биыл былтырғыға қарағанда мол өнім алды.

Көктемде 41654,7 гектар жерге тұқым себілді. Оның ішінде, 25449,2 гектар жерге дәнді-дақылдар, 4205 гектарға картоп, 820,5 гектарға көкөніс, 160 гектарға сүрлемдік жүгері және 325,4 гектарға жасымық егілді. Өткен жылмен салыстырғанда биыл астық дақылдары егілген жер көлемі артып отыр. Орташа түсім гектарына 14 центнерден айналды. Бұл Қарағанды облысы бойынша жоғарғы көрсеткіш болып табылды.

Егіс даласынан 109330 тонна картоп, 33640,5 тонна көкөніс жиналды. «Астра Агро ЛТД» ЖШС гектарына – 300 центнер, «Шанс» ШҚ гектарына – 283 центнер, «Надежда Н.В.» ЖШС гектарына – 280 центнер картоп алып, ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізді. Бұл – заманауи технология және сапалы тұқымның арқасында еңсерілген меже. Ал көкөніс өнімділігі бойынша «Поливное» ШҚ көш бастады. Шаруа қожалығының көкөніс алқабы  300 гектарды құрады. Аудан бойынша көкөніс алқаптарының 36,5%. Шаруашылық биыл 3 «Reinke» жаңбырлатып суару машиналарын 65 млн. теңгеге сатып алды. Көкөніс шығымдылығы гектарына 479 центнерді құрады.

Абай ауданындағы барлық шаруа қожалықтары ел игілігін еселеу жолында тер төгуде. Қажыр-қайратымен елiмiздiң экономикасының дамуына қомақты үлес қосып келеді. Еңбектерімен – еңселі.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ.

АБАЙ ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button