«Бабалар тағылымы» атты аймақтық жыр мүшайрасы өтеді
Қамбар ата ұрпақтары 2024 жылдың шілде айының 7 жұлдызында Қарқаралы ауданының Еңбек ауылында бабаларына арнап Ас беріп, түрлі іс-шаралар өткізуді жоспарлар отыр.
Тарихтың тақтасында алтын әріппен жазылып қалар шаралардың қатарында от ауыз, орақ тілді ақындар мүшайрасы да бар.
Мүшайраға кез-келген үміткер қатыса алады.
Мүшайра тақырыбы:
1.Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістері тарихында ХХ ғасырдағы ұжымдастыру саясатына қарсы бағытталған Абыралы көтерілісіне арнау;
2. Қамбар руынан шыққан Жанақ ақын, Жапалақ, Сартынбай бастаған отыздан астам батырларға арнау; 3. Еркін тақырыпта – барлығы 3 өлең ұсынылуы міндетті.
Шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында жіберілуі қажет; жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған және талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайды. Барлық келіп түскен шығармаларды елімізге белгілі ақындардан құралған қазылар алқасы қарап, талдау жасайды және іріктейді. Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде ұсынылған шығармалар тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне; шығарманың идеялық мазмұнына; туындының көркемдік сапасына; автордың сөз саптау мәнері, стильдік ерекшелігіне баса назар аударылады. Мүшайраның жеңімпазы мен жүлдегерлері дипломдар және төмендегідей ақшалай сыйлықтармен марапатталады:
Бас жүлде – 500 000 (бес жүз мың теңге)
І орын – 300 000 (үш жүз мың теңге)
ІІ орын – 200 000 (екі жүз мың теңге)
ІІІ орын – 100 000 (жүз мың теңге)
Мүшайраның марапаттау рәсіміне жүлдегерлер ғана шақырылады. Шараның өту форматы мен нақты мерзімі қосымша хабарланады. Мүшәйраға қатысу үшін үміткердің өлеңдері (аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары, жеке куәлігінің электронды көшірмесі) және шығармалары 2024 жылғы 4 шілдеге дейін iliyas1982@mail.ru электронды мекен жайы бойынша қабылданады. Анықтама телефондары: 8701 751 13 52; 8 701 718 79 34
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.