ЖаңалықтарРуханият

Аққыз әже атындағы республикалық мүшәйра мәреге жетті

Күйші- композитор Аққыз (Мүгілсім) Ахметқызының есімін ұлықтауға арналған «КҮЙ – ҒҰМЫР» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары анықталды. Еліміздің түкпір-түкпірінен 81 ақын қатысқан жыр додасында 11 ақынның өлеңдері жүлделі орындарға ие болды.

Сурет: ұйымдастырушылардан


Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Ғалым Жайлыбай, (төраға) Серік Ақсұнқар, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы Дәулеткерей Кәпұлы, белгілі ғалым Жансая Жарылғапов, Аққыз әженің жиені Болат Тәкішов сынды қазылар алқасының шешімімен жыр мүшәйрасының Бас жүлдесі Мирас Асанға,(Астана қаласы) жүлделі бірінші орын Дәуренбек Бұланбаевқа (Ұлытау облысы) бұйырды. Жыр додасында екінші орынға Ұмтыл Зарыққан, (Астана қаласы) лайық деп танылса, үшінші орын Мұхтар Күмісбек, (Талдықорған қаласы) Асылбек Жаңбырбаев, (Ақтау қаласы) Әсет Аманжолов (Ұлытау облысы) сынды үш ақынға тиесілі болды.
Сонымен қатар, жазушы Ақселеу Сейдімбеков атындағы арнайы жүлдені Роза Сейілхан (Алматы облысы), күйші Қыздарбек Төребайұлы атындағы арнайы жүлдені Саят Тұяқбай (Қарағанды қаласы), әнші-композитор Манарбек Ержанов атындағы арнайы жүлдені Қабиден Қуанышбай (Астана қаласы), күйші-композитор Мағауия Хамзин атындағы арнайы жүлдені Біржан Ахмер (Астана қаласы), күйші-композитор Әпике Әбенова атындағы арнайы жүлдені Ерік Нарын (Қарағанды қаласы) қанжығасына байлады.
Ақындарды марапаттау салтанаты 17 мамыр күні сағат 15.00-де Қарағанды қаласы, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің
Студенттер сарайында өтеді. Мүшайраға қатысқан 81 ақынның өлеңдері ” Күй-ғұмыр” деген атаумен “Болашақ” баспаханасынан жарық көрмек.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button