Қарағанды

Бақыт баяны

   Тәуелсіздіктің қадірін бала кезден түйсініп өскен ұрпақтың болашақта елінің абыройын асқақтатар азаматы болып өсері анық. Осы орайда балабақшаның алатын орны үлкен. Әр мереке сайын балалардың басын қосып, ортақ іске жұмылдыру, санасына Тәуелсіздік  туралы ойларды сіңіру – тәрбиешінің басты міндеті.

Еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күнін тойлауда қаладағы балабақшалар да кенде қалмайды. Бүлдіршіндердің бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру мақсатында өткізілетін ертеңгіліктер бала бойына елі үшін мақтаныш сезімін оятып, ұлттық сана-сезімін қалыптастырады.

«Жұлдыз» балабақшасындағы «Балбөбек» тобының бүлдіршіндері де айтулы мерекеге «Тәуелсіздік таңы» атты ертеңгілік дайындады. Өздерінің жаттаған өлеңдерін айтып, өнерлерін ортаға салған еліміздің кішкентай азаматтары там-тұмдап болса да тәуелсіздік үшін күрескен аға-апалары туралы мағлұмат алып, осы ерекше мерекенің қазақ елі үшін қаншалықты маңызы бар екенін сезінді.

Ертеңгілікті ұйымдастырған тәрбиешілер – Динара Сәрсенбаева мен Айжан Сәденованың еңбектерін айта кеткен де жөн. Әр бүлдіршіннің бойындағы өнерін байқап, қабілет-қарымын одан әрі аша түскен осы жандар Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгіліктің өз деңгейінде өтуіне үлкен ықпал етті.

Өз тілшімізден.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button