Ресми

Бақылау құқық бұзудың алдын алады

Техникалық реттеу және метрология комитеті Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Сергей Ганджук биылғы он айда 177 нысанға мемлекеттік бақылау жүргізілгенін айтады. Оның ішінде, 2-еуі – жоспардан тыс тексеру, 167 – алдын алу бақылау, 8-і – басқа мемлекеттік органдармен бірлескен тексеру.

Жоспардан тыс тексерулер сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың сақталуы тұрғысынан басқа мемлекеттік органдардың өтініштері мен ақпараты негізінде іске асқан.

Сергей Ганджуктың айтуынша, бұл саладағы бұзушылықтар бір жағдайда анықталыпты. Онда аккредиттеу бұзылған. Яғни, субъект құқығы жоқ жұмыстарды жүргізген көрінеді. Тексеру нәтижесінде заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Әкімшілік іс қозғалған. Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен аккредиттеу тоқтатылып, әкімшілік айыппұл салынған.

– Профилактикалық бақылау заңның сақталуын қадағалайды. Атап айтқанда, техникалық реттеу саласында, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды өткізудегі заңнаманы сақтау тұрғысынан жүргізілді.

Ақпараттық көздерден, мемле­кеттік органдардан, мемлекеттік кірістер органдарынан, статистика бюросы мен сараптама ұйымдарынан алынған мәліметтерді салыстыру және деректерді талдау кезінде техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу және бағалы металдар мен асыл тастар туралы заңдарды бұзушылықтар анықталды. Олар – зергерлік және басқа да бұйымдарды сынамалық таңбасыз өткізу, сондай-ақ, өзінің барлық зергерлік және басқа да бұйымдарында зергерлік және басқа да бұйымдар өндірісінің субъектісі қойған атаулы белгінің бедерінің болмауы сынды бұзушылықтар.

Прокуратураның тексерулер жүргізу туралы қаулылары негізінде біз 7 тексеруге қатыстық. Оның аясында «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңның бұзылуы анықталды. Бүгінгі таңда прокуратураның қаулылары бо­йынша департамент тексерулерге қатысуды жалғастыруда, – дейді Сергей Ганджук.

Құқық бұзушылық субъектілері ҚР ӘҚБтК 419-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы бойынша, яғни, тексеру мерзімі өткен өлшем құ­­ралдарын қолданғаны үшін, сонымен қатар, өлшем бірлігін қам­­тамасыз етудің мемлекеттік жүй­есінің тізіліміне енгізілмеген өл­шем құралдарын пайдаланғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Айыппұл сомасы 17 млн. 853 мың 750 теңгені құрады. Бұл орайда айыппұл 100 пайыз өтелді.

Бұдан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 826-бабына сәйкес тиісті ұйым­дар мен лауазымды адамдарға заң­ бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау­ға ықпал ететін себептер мен жағ­дайларды анықтау жөнінде ұсыныстар енгізілді.

2021 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа заң қолданысқа енді. Қабылданған заң екі негізгі міндетті шешуге бағытталған. Ол – нарықта тәртіп орнату және отандық тауар өндірушілердің бәсекелестік артық­шылықтарын іске асыру.

Заң Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты қоса ал­ғанда, тұжырымдамалық түсін­дірмеде им­­­­­­порттаушының, сатушының, да­­йындаушының, дайындау­шы уә­­­­кілеттік берген тұлғаның анық­тамаларын енгізу бөлігін сәйкес­тендіруге бағытталған.

Ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды қолдануды қамтитын өзара байланысты стандарттардың тізбелерін қалыптастыру қажеттілігі туралы талапты енгізе отырып, ұлттық техникалық регламенттерді әзірлеу тәртібі қайта қаралған. Департамент басшысы­ның мә­­­лім­деуінше, аккредиттеу­дің элек­тронды жүйесіне толық көшу көзделген. Аккредиттеу жө­­­­ніндегі органның және оның субъек­­ті­лерінің құқықтары мен міндеттері тәртіпке келтірілген. Бұл аккредиттеу органы мен аккредиттеу субъектілері қызметінің барлық кезеңдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді және олардың жауапкершілігін арттырады.

– «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңға өзгеріс енгізу арқылы аккредиттеу жөніндегі органға рес­публикалық мемлекеттік кәсіп­орынның ұйымдық-құқықтық ны­саны берілді, бұл оның мәртебесі мен жауапкершілігін күшейтеді, – дейді Сергей Ганджук.

Ал «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңдағы өзгеріс тұтынушыларды алдауды болдыр­мау мақсатын көздейді. Жалпы, стандарттауда халықаралық, шет­елдік стандарттарды тікелей қолдану көзделген.

«Бұл жаңа технологияларды жедел енгізуге және инвестиция­лар тартуға мүмкіндік берді», – дейді Сергей Ганджук.

Жан АМАНТАЙ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button