Бағдарламаның шарапаты тиді

     1966-1967 жылдары Ульянов (қазіргі Бұқар жырау) ауданының Бабаев атындағы кеңшарының Үміткер, Үлгі, Төрткөл ауылдарында сол кездегі жаңа жобадағы клуб үйлері салынып, пайдалануға берілді. Жекешелендіру кезеңінде Үміткер мен Үлгідегі клуб үйлері бұзылып, қазір қабырғалары ғана тұр.

     Төрткөл клубына биыл 50 жыл толады, сонан бері халыққа мәдени қызмет көрсетуде.

     2016 жылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын ерекше атап өттік.

     Республикамыздың Президенті Н.Назарбаев ұсынған «Нұрлы Жол» бағдарламасының шарапаты Төрткөл клубына да тиді.

     Ауылдағы және Қарағандыдағы ауыл жастары бірігіп, орталарынан қаржы жинап, клубтың шатырын ақ қаңылтырмен жауып, қайтадан жамылғысын ауыстырды.

    Есік, терезелерін алмастырды, сырлау, сылау жұмыстарын өздері атқарды.

    Кеңес үкіметі тараған кезде, клубтың жылыту жүйесі де істен шыққан еді. Клубты қарапайым пештер салып, сонымен жылытылып келді. Осы пештердің орнына, қазіргі үлгідегі бір орталықтан жылытылатын қазандық орнатылып, үлкен іс атқарылды.

    Бұл іске аудандық мәдениет үйі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі зор үлес қосты. Ауыл тұрғындары үлкен алғыстарын білдіреді.

    Клубқа жаңадан жылыту қазандығын орнатуға бюджеттен қомақты қаржы бөлінді және іске асты.

    Төрткөл ауылы тұрғындары аудан әкімі Нұркен Қобжановқа, аудандық мәслихат хатшысы, сайланған депутатымыз Асхат Әлиге ерекше алғыстарын жолдайды, ризашылық білдіреді.

Алпысбай ЖҰМАДІЛДӘ.

БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.