Қарқаралы

Бағдарлама шарапаты

     Елбасы тапсырмасына сәйкес, елімізде жұмыссыздықты жою мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жүзеге асуда.

Аталған бағдарлама мақсаты – халықты еңбекпен қамтып, табысын молайтуға жағдай жасау. Шарапаты мол бағдарламаның кәсіп ашуға ниет еткендер үшін ұтымды тұстары көп. Мұнда кепілзат мәселесі қиындық тудырмайды.

Бағдарламаның жұмыссыздықты жоюға арналған басқа бағдарламалардан артықшылығы мол. Атап айтқанда, бағдарламаның бірінші бағыты бойынша азаматтар еңбек нарығына қажетті мамандықтарға тегін оқып қана қоймай, шәкіртақысы мен жолға кететін шығыны да өтеледі. Бұл бағыт бойынша ауданда жоспарға сәйкес, 178 адам оқытылуы керек болса, биылғы жылы 278 адам оқып, жоспар 156 пайызға артығымен орындалды.

Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға негізделген екінші бағыт бойынша 101 адам жалпы сомасы 424,1 млн. теңге несие алған. Оның ішінде, кәсіпкерлігін кеңейту мақсатында 52 адам – 274,8 млн. теңге, жаңадан кәсіп ашқан 49 адам – 149,3 млн. теңге қаражат алған. Нақтырақ айтқанда, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 86 адам – 294,8 млн. теңге, «Қарқаралы несие серіктестігі» арқылы 15 адам – 129,3 млн. теңге алған.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша «Жастар практикасы» арқылы 16 адам еңбекпен қамтылды. Ал, әлеу­меттік жұмыс орындарына алынған адамдардың еңбекақысының 35 пайызын мемлекет қаржыландырады. Ауданда бұл жұмыспен 41 адам қамтылған.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button