Бөрте

Бөрте 1154-1230/31 жылдары өмір сүрген. Ол – аяулы жар, ардақты ана ғана емес, Шыңғыс ханға дана кеңесші бола білген әйел. Қазақтың Қоңырат тайпасының өкілі Бөрте ұлы Шыңғыс ханның жол көрсетуші жұлдызы, тірегі және ең сенімді серігі де болған. Бөрте ханның бәйбішесі болып, ұлы қолбасшы өмір бойына Бөртенің кеңестеріне құлақ асқан. Бұл тарихи шындық. Адамзат тарихындағы ең ірі империя Шыңғыс хан империясын мұрагерлікке алған да Бөртенің ұлдары Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле еді.

Тарихи деректер бойынша, сол кездегі халық дәстүрі негізінде екі жақ ата-аналардың келісімімен Қоңырат тайпасының көсемі Дай-Шешеннің қызы Бөрте мен Қият-Боржіген тайпасынан шыққан Есугей батырдың ұлы Темучин он жастарында атастырылған. Тағдыр тәлкегімен Темучин әкесінен ерте айырылса да кедергілерге қарамастан белгіленген уақытта Бөртені әйелдікке алған. Бөрте Шыңғыс ханнан ағайын-туыстары мен жақындары, достары теріс айналған қиын кезеңдерде де, жауларының төбесіне қылыш ойнатқан алғашқы жеңістерінде де, Моңғол ұлысын құрғанында да оның жанынан табылып, бірге болды.

Тарихи деректерде Бөртенің қандай болғаны, шындығында тағдыры қалай құрылғаны жайлы толық мәліметтер жоқ. Кей деректерде Бөрте жиі ақ жібектен киінген, шашына алтын тиын таққан, боз ат үстінде ақ қозы ұстап отырған сұлу әйел, ақылды ханыша ретінде сипатталады. Оның шын есімі – Бөрте-фүджин немесе Бөрте-үджин. Көне Түркі тілінен аударғанда «үджин» «ханым» деген мағынаны береді.

Салтанат ИЛЬЯШОВА

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.