«Бұлақ көрсең көзін аш!»
Қарағандыда бұлақтарды тазарту бойынша «Таза бұлақ» экологиялық акциясы өтті. Басты мақсат – қала тұрғындарын қоқыс жинауға және су қоймаларының жағалауларын тазартуға тарту.
Іс-шараға 500-ден астам адам, экологиялық қозғалыстың еріктілері, жастар, депутаттар қатысты. Сондай-ақ, білім беру ардагері Бимендин Өзбек Истаиұлы акцияға №76 және №8 жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын тартты.
Бірлескен күш-жігермен акцияға қатысушылар қоқыстарды белсенді түрде тазалап, бұлақ жағалауларын тазалап отырды.
– Осы акцияларға жастарды тарту біз үшін өте манызды болып табылады, өскелең ұрпақтың табиғатымызды сақтаудың маңыздылығын бағалауы және білуі маңызды. Осындай ниетпен мен мектеп оқушыларын шақыруды шештім, менің ойымша, біз бұл тапсырманы өте жақсы орындадық, – деп атап өтті білім беру ісінің ардагері Бимедин Өзбек Истаиұлы.
Ал, Жастар ресурстық орталығының басшысы Якуб Джамалов:
– Біздің орталықтың жұмысының көмегімен біз қала жастарын қоқысты тазалап қана қоймай, оның жиналуына жол бермеу үшін табиғатқа жауапкершілікпен және ұқыпты қарауға шақырамыз, қалада тазалық пен жайлылық әр тұрғынға байланысты және қоршаған ортаны сақтау бойынша бірлескен күш-жігерге шақырды, – деді ол.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz