Ресми

«Таза аула өзімізден басталады»

Қарағандылықтар Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған  «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» ұраны аясында тұрғын үйлері аясындағы аулаларды тазалауда. «Үздік аула» акциясы аясында 500-ге жуық қала тұрғындары аула аумақтарын тазалауға шықты. Қала көшелері мен өз аулаларын  тартымды етуге ұмтылған тұрғындар қуанышты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция аясында 1000 қап қоқыс жиналды. Ал, жалпы «Таза Қазақстан» акциялары басталғалы 4000 тоннадан астам қоқыс жиналған.

Суреттерді түсірген автор

 – «Таза Қазақстан» акциясы аясында қаламызда қаланы тазалау және санитарлық тазалау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қала тұрғындары сенбіліктерге, таза бейсенбіге белсенді қатысады.  Өйткені, тазалық пен тәртіп әрқайсымызға байланысты. Қалалардағы тазалық әр ауладан, көшеден және аллеядан басталады.

Бүгін «Орбита» көшесінің тұрғындары  қаланы абаттандыруға өз үлесін қосуда. Біздің аулаларымыз таза, абаттандырылған. Үйлер тұрғындары әрқашан аулаларды тазалауға шығады. Үлгілі аулалар көп. Тұрғындарды, әсіресе жастарды сенбіліктерге қатысуға және «Таза Қазақстан» акциясын қолдауға шақырамын. Қаланың тазалығы біздің қолымызда. Таза аула өзімізден басталады, – дейді «Карагандинец» ПИК басшысы Людмила Давыдова. 

ПИК басшысының айтуынша, акция нәтижелі болды.

– Балалардың ата – аналарына аулалар мен алаңдарды тазалауға өз үлесін қосқанын бақылау  қызықты. Бұл өскелең ұрпақ үшін тамаша үлгі, – деп атап өтті қалалық мәслихат депутаты Александр Бочаров.

Акция аяында үздіктерді анықтайтын «Үздік аула» конкурсы жарияланған болатын. Тұрғындардың таңдауы арқылы үздік 5 аула анықталып,жеңімпаздар мамыр айының соңында марапатталмақ.

Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button