Бас тақырып

Бүгін – Халықаралық отбасы күні

Жыл сайын 15 мамырда БҰҰ Бас Ассамблеясы 1993 жылы бекіткен Халықаралық отбасы күні мерекеленеді. Осылайша, біздің мемлекет те елдің тұрақтылығы мен әл-ауқатының кепілі – отбасы институтына зор қолдау көрсетеді.

Сурет: infoflag.ru

Бұл күнді мерекелеу отбасылық құндылықтарды нығайтуға негізделген. Қоғамда отбасы – әрқашан рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, жанұя жылулығын сөндірмей, керегесін кең ұстап, тарих толқынымен келе жатқан киелі бақ мекен. Мереке күні әр шаңырақ шаттыққа, бақыт пен сәби күлкісіне толы болсын! Әр әулеттің мерейі үстем болып, тамыры тереңге жайыла берсін деп тілек білдіреміз!

Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз. Сондықтан да бүгінгі мерекеде бір-біріңізге әдемі де әсерлі сөздер арнап, ерекше сыйластық көрсете біліңіздер! Тек қана бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатыңызға бөлей жүріңіз!

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button