Бұқар жырау ауданында 16 жастағы бала суға батып кетті
Өткен сенбіде Бұқар жырау ауданындағы жасанды су айдынында 2008 жылы туған бала суға батып кетті. Ертесінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері баланың денесін жағадан 15 метр қашықтықтан тапқан.
Оқиғаның мән-жағдайына келер болсақ, 20 шілде, сағат 16:45 шамасында Қызылқайың ауылында орын алған. Бала шомылуға тыйым салынған жердегі жасанды шұңқырға батып кеткен. Оқиға орын алған күннен бастап департамен қызметкерлерінің күшімен іздестіру жұмыстары басталған. Алайда, баланың денесі 21 шілде сағат 05:05-те табылған.
Департамент мамандары суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды тапсырды.
– Суға мас күйіңізде шомылмаңыз. Тыйым салынған немесе белгісіз жерлерге түспеңіз. Балаларды судың жанында қараусыз қалдырмаңыз, – деді мамандар.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz