Жаңалықтар

Азық-түлік бағасы – тұрақты

   Азық-түлік тауарларына баға бір айда 0,4%-ға төмендеді, азық-түлік емес тауарлар – 0,5%-ға қымбаттады. Ақылы қызметтерге баға мен тарифтер индексі 2016 жылғы қыркүйекте алдыңғы аймен салыстырғанда 99,8%-ды құрады. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, азық-түлік тауарларына қыркүйекте тамызға қарағанда, баға индексінің қалыптасуына жемістер және көкөністерге – 11,7%-ға, қантқа 9,3%-ға бағаның төмендеуі әсер еткен. Жұмыртқаға – 5,7%-ға, кондитерлік өнімдеріне – 3,2%-ға, алкогольсіз сусындарға – 2,4%-ға, май және тоң майлар – 2,2%-ға, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдеріне – 1,7%-ға, жармаларға – 1,5%-ға, макарон өнімдеріне – 1,2% бағаның жоғарылағаны тіркелген. «Сәбіз – 21,4%-ға, картоп – 18,4%-ға, қызылша – 17,5%-ға, пияз – 16,6%-ға, тәтті бұрыш – 15,6%-ға, қырыққабат – 13,2%-ға, ал сарымсақ – 10,1%-ға, қызанақ – 5,4%-ға, қияр – 6,9%-ға төмендеді» дейді баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ақылы қызметтерден баға және тарифтер тарату желілері бойынша тасымалданатын газға – 20,5%-ға, жолаушылар көлігі қызметтеріне –1,7%-ға арзандағанын көрсетіп отыр. Білім беру қызметтері – 7%-ға, киімді тазалау және жөндеу – 1,7%-ға, аяқ-киім жөндеу – 0,6%-ға, амбулаторлық қызметтер – 0,5%-ға қымбаттаған.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button