Азия ойындары: жерлестер елге оралды
Бүгін, 6 қазан күні таңертең Қарағандыға Ханчжоуда өткен Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған спортшылар келді.
Олар: Аделина Земс, Кирилл Тубаев және Артем Саркисян. Естеріңізге сала кетейік, Артем семсерлесуде алғашқы қола жүлдені жеңіп алды, Кирилл байдаркада есу кезінде қола жүлдеге ие болса, ал Аделина жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының құрамында өнер көрсетті.
Әуежайда споршыларды отбасы мүшелері, достары және БАҚ өкілдері қарсы алды. Спортшылар Азия ойындарынан алған әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар, алты айдан кейін спортшылар Париж олимпиадасына қатысуға лицензия ұтып алу үшін күреспек.
Ханчжоудағы Азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады. Алдағы екі күнде жарыста джиу-джитсудан және синхронды жүзу спортынан қарағандылық спортшылар өнер көрсетеді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz