Спорт

Азия ойындары: Шахматтан бақ сынайтын ел спортшылары анықталды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарында шахматтан ел намысын қорғайтын ұлттық құрама мүшелері анықталды.

Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өткізіледі. Ел құрамасы сапындағы 10 спортшы жекелей сында рапид, командалықта классикалық шахматтан сынға түседі.

Жекелей сында ерлер арасында Ринат Жұмабаев пен Қазыбек Нөгербек сынға түссе, әйелдер арасында Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева жүлдені сарапқа салады.

Командалық бәсекеде Əлішер Сүлейменов, Рамазан Жалмаханов, Алдияр Аңсат, Ринат Жұмабаев пен Қазыбек Нөгербек қарсыластарымен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ әйелдер арасында Динара Сәдуақасова, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова, Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік шеберлік байқасады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button