Жаңалықтар

Азат елдің ұланымыз

    Отанымызды азат ету жолында мыңдаған ғасырлар бойы ата-бабаларымыз парасаттылық пен нар тәуекелділіктің асқан жемісін көрсетті. Арамзалықпен қиылған тағдырлар, қаза болған тұғырлы тұлғалардың дара жолдағы қайталанбас ерліктері ойымызға келсе, көзімізге жас келеді. Осының бәрі – біздің алып ордамыздан сыр шертетін шаһарымыздың алғашқы кірпіш тасының қалануынан, жаудан азат етуге дейін, қайсарлы рух пен мұқалмас қажырды бойына жиған өр мінезді батырларымыздың ерен еңбегі.

   Биыл – қазақ мемлекетінің Тәуелсіздік туын тігіп, азат, әлемдік деңгейдегі дамушы ел атанғанына 25 жыл. Енді бәріміздің Отан алдындағы ортақ парызымыз – еліміздің тәуелсіздік нышаны мен өлмес бейнесіне айналған қаһарлы батырлар қайратын ойдан шығармай, Отанға деген ыстық лебіз бен нәзік ықыласты бәрінен биік ұстау.

Аяжан КЕНЖЕБАЙ,

М.Жұмабаев атындағы №39 мектептің 11 сынып оқушысы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button