Жаңалықтар

АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК – ҚЫЗМЕТ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ

Ағымдағы жылдың мамыр-қыркүйек айларының аралығында «Қарағанды облысының жастар одағы» Қоғамдық ұйымымен бірлесіп Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті тарапынан облысымызда «Жасырын тұтынушы» тәсілімен қоғамдық бақылау іс-шаралары жүргізілді.

Аталған іс-шара мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын жоғарлатуға, мемлекеттік қызметті алушыларға қолайлы жағдайлардың болуын қоғам тарапынан қадағалауға бағытталды. «Жасырын тұтынушы» шарасының да алдына қойған мақсаты,назарды мемлекеттік мекемелерге емес, қоғамның белсенділігіне бөлу болды.

Іс-шараның барысында мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі қызмет көрсетушілер тарапынан кемшіліктердің жиі жіберілетіндігі анықталды.

Атап айтқанда, «Жасырын тұтынушы» кезінде жіберілген кемшіліктер, олар мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттарды толық, түсінікті бермеуі, қызмет көрсетуге қажетті құжаттардан бөлек артық құжаттар сұратуы, мемлекеттік қызметті көрсетуге ақпараттық тақталардың болмауы, болған жағдайда олардағы ақпараттардың түсінікті немесе толық болмауы, қызмет алу үшін жағдайлардың болмауы, кей жағдайларда өтініш жазатын үстелдердің, күту орындарының жеткіліксіздігі, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар тарапынан Әдеп кодексін сақтамауы сияқты кемшіліктер орын алып отырды.

Аталған кемшіліктер бір көзбен қарағанда ұсақ-түйек болып көрінгенмен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің артуына ықпал етуі әбден мүмкін. Сондықтан, осындай кемшіліктерді болдырмау ол барлығымыздың басты міндетіміз болуы керек. Ол үшін осындай қоғамдық бақылауларды саналы түрде күнделікті әдетімізге айналдырып, жауапкершілікпен қарауымыз қажет.

Бүгінгі күні осындай кемшіліктерге біздің бей жай қарауымыз, ертеңгі өзіміздің құқығымыздың бұзылуына жағдай жасап отырғанымызды ұмытпауымыз керек. Сондықтан, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үшін, мемлекетіміздің жанашыр азаматтары ретінде қандай да бір кемшілікті болдырмауда қырағылығымызды жоғалтпауымыз абзал.

Егер де мемлекеттік қызмет көрсету барысында Сіздің құқықтарыңыз бұзылған болса Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне (Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары 39 мекен-жайы бойынша, байланыс телефон 8-72-12-50-40-66) шағымдана аласыз.

 

Әсет Әбдікәрімов,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша

департаментінің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының

бас маманы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button