Қарағанды

Қаза тапқан автобус жүргізушісінің кім екені белгілі болды

Қарағандыдағы №3 автотұрақ қызметкерлері бүгін қоғамдық көліктердің соқтығысу салдарынан қаза тапқан №41 автобус жүргізушісі туралы айтты. Жүргізуші Валерий Волков 66 жасында көз жұмды. 

– Қайғылы жағдай орын алды. Валерий Волков тәжірибесі көп жүргізуші болатын. Автотұрақта 16 жыл қызмет етті. Жауапкершілігі зор, тәжірибесі көп азамат туралы тек жақсы сөздер айтылатын. Бүгін осындай бір қайғылы жағдай орын алып, қабырғамызды қайыстырды, – деді №3 автотұрақ директоры Артур Григорян. 

Барлық әріптестері, таныстары мен достары Валерий Волковтың отбасына көңіл айтуда. 

Жүргізушінің соңында жары, балалары мен немерелері қалды. 

“Валера көке, жатқан жеріңіз жайлы болсын”, – деп №3 автотұрақ қызметкерлері әлеуметтік желіде жүргізушінің отбасына көңіл айтуда. 

Валерий Волковтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Ол өте тәжірибелі жүргізуші еді, мен онымен №146 автобуста бірге жұмыс істедім. Құдайдың жазуы. Жақын адамдарына қиын, – деді жүргізушінің әріптесі. 

Басқа да қарағандылықтар жүргізушінің отбасына жұбату айтуда. 

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ

 

Басқа материалдар

Back to top button