Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден озды
Көрнекті ақын, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Мұхтар Шаханов – қазақ әдебиеті мен руханиятында өшпес із қалдырған ірі тұлғалардың бірі. Ол саналы ғұмырын ұлт мүддесіне, ана тілінің мәртебесіне, тарихи әділдікті қалпына келтіруге арнады. Ақынның жалынды жырлары мен азаматтық ұстанымы бірнеше буын оқырманның жүрегінен орын тапты.
Оның қаламынан туған «Өркениеттің адасуы», «Желтоқсан эпопеясы», «Танакөз», «Ғасырларды безбендеу» секілді шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорына енді. Сонымен қатар Мұхтар Шаханов қоғамдағы өткір мәселелерге үн қатып, ел тағдырына қатысты маңызды бастамалардың бел ортасында жүрді.
Марқұмның отбасы мен жақындарына, қалың қазақ еліне қайғыра көңіл айтамыз.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



