Бас тақырып

Қазақстанда жанармай бағасы қымбат па?

Қазақстан әлем бойынша жанармай бағасы арзан елдер рейтингінде 11-орында тұр, деп хабарлайды Ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет halyq-uni.kz

Есепті GlobalPetrolPrices жасаған. Бұл ресурс 150-ден астам елдегі мотор отыны, электр энергиясы және табиғи газдың бөлшек сауда бағасын бақылап отырады. 

Жанармайдың Қазақстандағы орташа бағасы литріне 0,51 доллар шамасында. Ал әлем бойынша орташа құны 1,32 доллар екен. Дегенмен әлем елдері арасындағы баға айырмашылығы әжептәуір екенін атап өту керек.

Мысалы, ең арзан жанармай Иранда. Ол жақта литрі – 0,029 доллар. Ал ең қымбаты – Гонконгта (3,2 доллар).

– Негізі бақуатты елдерде, әдетте, баға қымбаттау болады. Ал енді жағдайы нашарлау не мұнай шығарып, өндіретін елдерде арзандау. Бірақ АҚШ-тың жағдайы басқаша: мұнда экономика өте дамыған, бірақ соған қарамастан жанармай қымбат емес. Елдер арасындағы баға айырмашылығы түрлі салық пен субсидияларға байланысты, – делінген онлайн-порталдың жасаған қорытындысында.

Портал жасаған кестеде екі түрлі баға бар. Кей елдерде баға өзгерісі апта сайын жаңартылып отырады (жұлдызша қойылған). Ал кейбірі ай сайын жаңарады. Себебі жанармай нарығы реттеліп, үнемі өзгеріп отырады. Бұл кестеде Қазақстанға жұлдызша қойылмаған.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button