Бас тақырып

Қазақстанда әскери қызметке запастағы офицерлер шақырылады

Қазақстанда екі жыл мерзімге әскери борышын өтеуге запастағы офицерлер шақырылады, деп хабарлайды Ortalyq.kz El.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет elordainfo.kz

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес, офицер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2025 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылады.

Қарулы Күштер қатарына 700 адамды, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 80 адамды, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланына 131 адамды, Төтенше жағдайлар министрлігіне 4 адамды шақыру жоспарланған. Келер жылы барлығы 915 запастағы офицер шақырылады.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button