Жаңалықтар
Қазақстанда киік мүйізін шетелге сату жоспарланып отыр
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киік мүйізі шығыс елдерінде, атап айтқанда Қытайда кейбір дәрілердің дәстүрлі құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті. Алайда оларды сыртқы нарыққа шығару әзірге мүмкін емес.
– Қазір келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Қазіргі уақытта комитет төрағасының орынбасары Женевада СИТЕС халықаралық ұйымының орталық кеңсесінде жүр, жабайы табиғат комитетінде киіктердің бөліктерін экспорттауға салынған тыйымды алып тастау мәселесін талқылау жүріп жатыр. Рұқсат алудың болжамды мерзімі – 2025 жылдың басы, – деді Нысанбаев.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА