Қазақстанда өңделген сүт өндірісі артты
Қазақстанда өңделген сүт өндірісі жыл басынан бері 441,3 мың тоннаға жетті.

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында елде 441,3 мың тонна өңделген сүт өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 0,2%-ға жоғары. Былтыр осы уақытта 440,5 мың тонна өнім өндірілген.
Өңірлер арасында ең жоғары көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді – 120,8 мың тонна. Одан кейін Ақмола облысы – 96,2 мың тонна, Алматы облысы – 64,7 мың тонна және Қостанай облысы – 43 мың тонна.
2025 жылдың қорытындысында Қазақстанда 671 мың тонна өңделген сүт өндіріліп, 2024 жылмен салыстырғанда 6,2%-ға өскен.
Сонымен қатар 2026 жылғы қаңтар-шілдеде өңделген сүт экспорты 2,9 мың тоннаны құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3%-ға артық. Өнімнің негізгі бөлігі Ресейге – 2,24 мың тонна, Өзбекстанға – 307,9 тонна және Тәжікстанға – 194 тонна көлемінде экспортталған.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



