«Қазақстанда COVID-19 қарсы вакцинация: ең өзекті сұрақтарға жауаптар» онлайн баспасөз-конференциясы

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева:

ДДСҰ мәліметтері бойынша жаңа штамдар 41% жоғары репродуктивті, яғни адамдарды жұқтыру қабілетін, сондай-ақ «басқа айналымдағы штамдарды тез алмастыру қабілетін» көрсетті. «Британдық штамда» ауруханаға жатқызу, ауыр ағым және өлім қаупі жоғары. Бүгінде республикада COVID-19-ға қарсы вакцинация қолжетімді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бірінші сәуірден бастап вакцинациялауға жататын контингент көбейеді. Өйткені айдың басында қосыша 150 мың доза және бір айдың ішінде шамамен 1 миллион доза жеткізу жоспарлануда.

Вакцинаның тиімділігі адамның өзіне де байланысты. Сондықтан вакцинаның бірінші және екінші дозасы арасында адамдармен байланысты азайтып және барлық санитарлық ережелерді сақтау қажет. Иммунитет біртіндеп қалыптасады, ал вакцинаның бірінші және екінші дозасы арасындағы кезеңде организм әлсіз болады. Егер адам санитарлық шараларды сақтамаса, COVID-19 ауруы мүмкін