Бас тақырыпРесми

Қазақстанда биыл күз айларында электр тапшылығы сезіле бастайды

«KEGOC» АҚ Басқармасының төрағасы Нәби Айтжанов Энергетика министрлігінде өткен алқалы жиынның қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанда электр энергиясы тапшылығының болжамды көлемін атады, деп хабарлайды ortalyq.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: pixabay

Нәби Айтжанов Қазақстанның 2023 жылғы электр энергиясын тұтынысы 115,06 млрд кВт/сағатты құрағанын және 2022 жылмен салыстырғанда ол 1,9%-ға артқанын жеткізді. 

– Электр энергиясын өндіру 2022 жылғы деңгейде қалып, 112,82 млрд кВт/сағатты құрады. Өткен жылы ең көп тұтыныс 13 желтоқсанда тіркеліп, 16 626 МВт-ты құрады, бұл 2022 жылғы ең жоғары деңгейден 167 МВт-қа жоғары. Бұл ретте электр генерациясы 15 107 МВт құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 96 МВт-қа төмен. Осылайша, 2023 жылы жүктеме артқанда Қазақстанның электр станцияларының генерациясында төмендеу байқалды. Тұтыныс пен генерацияның осы көрсеткіштерін есепке алғанда, электр қуатының тапшылығы 1519 МВт құрады, оның орыны Ресей Федерациясынан жоспардан тыс тасымалдау арқылы жабылды, – деді ол.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button