Жаңалықтар

«Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларына енгізілген негізгі өзгерістер туралы»

2016 жылы «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларына» кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, олар ағымдағы жылдың 22 наурызынан бастап заңдық күшіне енді.

Енгізілген өзгерістердің мақ­саты, біріншіден, айырбастау операцияларының айқын болуын арттыру және Қазақстан Рес­публикасының аумағында халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында айырбастау пункттері­нің үздіксіз жұмыс істеу­лерін қамтамасыз ету болып табылады.

Яғни, Қағидаларға толық­тырылған тармақтарға сәйкес, уәкілетті ұйымдар уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің кассасын қолма-қол ұлттық және (немесе) шетел валютасымен толықтыру үшін уәкілетті банкпен шарт жасасуға міндетті. Яғни, егер айырбастау пунктінің кассасында шетел валютасы немесе теңге бітіп қалса, уәкілетті ұйым қолма-қол шетел валютасын сатып алуға немесе сатуға және өзінің айырбастау пунктінің кассасын толықтыруға арналған тиісті шарт жасалған уәкілетті банкке жүгінуге міндетті. Бұл ретте мұндай шарт бірнеше уәкілетті банктермен жасалуы мүмкін.

Сонымен қатар, 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін айырбастау пункттерінің жұмысында туындайтын іркілісті жою үшін Қағидалардың «Қазақстан қор биржасы» АҚ жұмыс күндері ғана қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату бағамдары бойынша өкімді шығару талабы тоқтатылды. Бұл өкімнің шығарылған орны бойынша жергілікті уақытпен сағат 08:00-ден 18:00-ге дейінгі аралықтағы кезеңде ғана, яғни, айырбастау пункттеріне демалыс және мереке күндері валюта нарығындағы өзгерістерді дәлме-дәл бейне­лейтін айырбастау бағамын белгілеуге мүмкіндік берілген.

Бұдан басқа, Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заң­дастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау үшін, сондай-ақ, айырбастау операцияларының айқын болуын арттыру мақ­сатында клиент айырбастау операциясын жүргізудің бағамы бойынша бір миллион теңге баламасынан артық болатын сомаға айырбастау операциясын жүзеге асыру кезінде міндетті түрде жеке куәлігін көрсетуі тиіс.

2016 жылғы 22 наурызда «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Рес­публикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі №144 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Ұлттық Банкінің қаулысы күшіне енді.

Л.И. Кочеткова,

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» рес­публикалық мемлекеттік ме­кемесі Қарағанды филиалының валюталық

операцияларды ба­қы­лау бөлімінің бас маман- экономисі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button