Бас тақырыпПрезидент
Қазақстан Президенті белсенді Дулат Ағаділдің өліміне қатысты іспен тыңғылықты танысты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев informburo.kz ақпараттық-сараптамалық порталына берген эксклюзивті сұхбатында белсенді Дулат Ағаділдің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қоғамдық үлкен резонансқа байланысты бұл іспен тыңғылықты танысып шықтым. Өкінішке орай, белсенді Ағаділ жүрек жетіспеушілігі салдарынан қаза тапқандығын нық сеніммен қуаттай аламын. Кері сендіруге тырысу – демек шындыққа қарсы шығу. Қаза тапқан азамат кім болса да, қандай көзқарасты ұстанса да ол ең алдымен адам. Адам өмірі бірегей әрі баға жетпейді. Бәріміз де Алла Тағаланың жазмышына мойынсұнамыз. Иманды болсын», – деді ҚР Президенті.