Абай ауданының Қарабас кентіндегі Ақадыр өндірістік учаскесінде Теміржолшылар күніне арналған шағын іс-шара өтті. Биылғы кездесу «Гүлденген психоәлеуметтік жұмыс ортасы: жұмысшылардың өркендеуіне және мықты ұйымға апаратын жол» тақырыбына арналды.

Іс-шара барысында жұмыс берушілер мен кәсіподақ өкілдерінің назары теміржолшылардың қауіпсіздігі мен денсаулығына әсер ететін психоәлеуметтік факторларды басқару мәселелеріне аударылды. Қатысушылар қолайлы еңбек ортасын қалыптастырудың маңызын талқылап, қызметкерлердің әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларға тоқталды.
Сала өкілдері жолаушылар мен жүктердің қауіпсіз әрі үздіксіз тасымалдануын қамтамасыз етуде еңбек қауіпсіздігі мен қызметкерлердің психологиялық саулығын нығайту мәселелері әрдайым басты назарда екенін атап өтті.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



