Жаңалықтар

Қазақстан – біртұтас отбасы

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІV сессиясынның пленарлық отырысында ел бірлігіне қатысты ерекше үн қосты.

Сурет matritca.kz

– Ассамблея – мемлекеттігімізге арқау болған аса маңызды құрылым. Бұл – Ассамблеяға артылатын жүктің салмағы да жеңіл емес деген сөз. Ұлттық мүдделерімізді қорғап, егемендігімізді нығайту – қастерлі парыз. Мұны Ассамблея мүшелері терең сезінеді деп ойлаймын, –деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біз Қазақстан халқының біртұтас отбасына жататынымызды, еліміздің болашағы үшін жауапкершілігімізді бұрынғыдан да айқын сезіне бастадық. Тұрақтылықты сақтау мемлекетеміздің негізгі бағыттарының біріне айналды. Соның ішінде, Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздің халқын үйлесімді біріктіріп, қоғамдағы келісімді орнатуға айтарлықтай үлес қосары анық.

Татьяна САМОХВАЛОВА,
«Возрождение» немістердің қазақстандық қауымдастығы» қоғамдық қорының Балқаш қаласындағы аймақтық өкілдігінің басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button