Абай

Қазақша сөйлейтін қоғамның кепілі

    Әр халықтың ана тiлi – оның жаны, халқының қайталанбас өзiндiк кейпi, ұлттық болмыс-бiтiмiнiң бейнесi, ғасырлар бойы жинақтаған рухани байлығының көзi, iшкi жан дүниесiнiң өзiне ғана тән құпиясы.

Бала «Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, алғашқы сөздерді қай тілде меңгеріп, үйренсе, сол тілге жақын тұрады. Сондықтан, отбасында, балабақшаларда қазақша сөйлеулеріне назар аудару керек. Бөбекжайға келген бала сөздік қорын толықтырады, білімін жүйелейді, жаңа ілім-білімге ұмтылады. Қазақ тілін меңгеріп келген бала, білімін ары қарай осы тілде жалғастыруды қалайды. Яғни, баланы, балабақша жасынан бастап қазақ тілінде сөйлеуге бағыттау керек. Осы арқылы біз 100% қазақ тілін меңгерген азаматтарды тәрбиелейміз. Ол келер он-он екі жылдан соң қазақша сөйлейтін қоғамның кепілі болмақ.

Орыс тілі мен ағылшын тілі бөбекжай қабырғасында жас ерекшелігіне қарай оқытыла бастауы керек. Сонымен қатар, тек грамматикасын меңгертіп қана қоймай, ұстаздар балалармен бірге үйреніп, сөйлеп, өзіндік пікірін білдіре алатын дәрежеде оқытылып шығуларына баса назар аударғаны жөн. Бұл шараның іске асуы, нәтижелі болуы барлық жағдайдың жасалуын қажет етеді. Ағылшын тілі мен орыс тілін меңгерген азамат шет елде білім алып, ел экономикасымен, саяси ахуалымен, салт-дәстүрімен, болмысымен таныса алады. Оны еліміздің түрлі салаларында қолданып, жетістіктерге қол жеткізе алады. Тілді білудің ерекшелігі де осы. Сондықтан, жастарды тілге баулу, еркін сөйлеуге машықтандыру балабақшада, мектеп қабырғасында, оқу орындарында қолға алынып, жүзеге асырылуы қажет.

А.Ералиева,

«Аққу бөбекжай» КМҚК директорының

міндетін атқарушы.

Абай қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button