Көп жылдан бері «Қазақмыс» компаниясы өз қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше назар аударып келеді. 2019 жылдан компаниядағы әлеуметтік осал санаттағы қызметкерлерді, оның ішінде, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеуде көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асыруда.
Жақында Балқашта тағы бір көпбалалы отбасы қоныстойын тойлады. «Kazakhmys Maintenance Services» ЖШС қызметкері Жақан Куликовқа төрт бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Пәтерді табыстауға қатысқан «Балқаштүстімет» ӨБ бас директоры Бауыржан Баймұханов отбасына ізгі тілегін арнады.
Жақан Асқарұлы «Kazakhmys Maintenance Services» ЖШС Саяқ сервистік учаскесінің жабдықтарына жолдайды. 19 жылдық еңбек өтілі бар азамат Саяқ кенішіндегі еңбек жолын 2005 жылы бастаған. Кеніштің теміржол учаскесінің жол монтері, желілер мен қосалқы станциялар цехының электромонтері, тепловоз машинисінің көмекшісі, тепловоз машинисі, кеніштің теміржол учаскесінде пойыздарды құрастырушы болған.
2016 жылдан «Балқашсервис» сервистік кәсіпорындарында «Kazakhmys Maintenance Services» ЖШС тау-кен шахта жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу бойынша слесарь. Бүгінде Жақан Куликов жұбайымен бірге төрт бала тәрбиелеп отыр. Олардың бірі – ерекше қажеттілігі бар бала.
Кейінгі жылда «Қазақмыс» компаниясында жұмыс істейтін төрт және одан да көпбалалы және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған 280 отбасыға пәтер бергенін айта кеткен жөн. Олардың ішінде, «Қазақмыс» компаниялар тобының өндірістік алаңдарында жұмыс істейтін балқаштық 32 отбасы бар.
Нұрдос КӘРІМ,
БАЛҚАШ
Ortalyq.kz