«Қазақмыс» еңбек ұжымдары мен еңбек әулеттері дауыс беруге қатысуда
Бүгін, 23 тамызда, «Қазақмыс» тобының кәсіпорындарында еңбек ететін кеншілер, байытушылар, металлургтер, энергетиктер, жөндеу мамандары және басқа да қызметкерлер Құрылтай сайлауында дауыс беруде.

Олардың қатарында «Қазақмыстың» еңбек әулеттерінің өкілдері де бар. Көптеген отбасылар үшін компаниядағы еңбек ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрге айналған.
Дауыс беру қызметкерлердің жұмыс және ауысымдық кестесіне сәйкес ұйымдастырылған. Өндірістік нысандарда және вахталық ауысымда жүрген қызметкерлердің дауыс беруіне жағдай жасау үшін Компания сайлау комиссияларымен және жергілікті атқарушы органдармен алдын ала қажетті ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.

Бүгін «Қазақмыс» қызметкерлері отбасыларымен және әріптестерімен бірге сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауын жасауда.
Материалды әзірлеген Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ



