ҚарағандыТұлға

Аяулым – облыс мақтанышы

ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Өскемен қаласында қазақ тілі мен әдебиетінен Қанипа БІТІБАЕВА атындағы республикалық олимпиада өткізген болатын.

Аталған олимпиада 2015 жылдан бастап 11 сынып оқушыларына жоғары оқу орындарына түсу барысында мемлекеттік грантқа ие болуға басымдық береді. Сондай-ақ, оқушының біліктілігін арттырып, дұрыс мамандық таңдауға мүмкіндік береді.

Биылғы республикалық олимпиадаға еліміздің ең үздік білім беру ұйымдарының 9–11 сыныптарынан 150-ден астам оқушы қатысты. «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатында 11 сыныпта оқитын үздік оқушы Аяулым Серік – республикалық олимпиадада облыстың намысын қорғады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің І дәрежелі дипломымен марапатталып, мектебіміздің мәртебесін көтеріп, облысқа абыроймен оралды. Аяулым бұған дейін аталған олимпиадаға 2015 жылы қатысқан болатын. Бұл жеңісі өзінің қажырлы еңбегі мен үздіксіз ізденісінің нәтижесі деп есептейміз.

Мектеп үздігі әрі алғыр оқушы Аяулымды жеңісімен құттықтап, Хан апаның ұлағатты жолының жалғастырушысы бол демекпіз.

Ұлпан СЕРІК,

Нұрсәт НЫҒАН,

«Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатының

9-сынып оқушылары.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button